Жоғалып кеткен Батыс Қазақстан тұрғыны Атыраудан табылды

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адам Атыраудан табылды.

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұратын 34 жастағы, көз жанарынан екінші топтағы мүгедек Леонид Богомолов үйінен 14 қаңтар күні шығып кеткен.

Содан бері үйіне оралмаған ер адамды полиция қызметкерлері іздестірген еді.

Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімі 14 күннен кейін Л.Богомоловтың кеше Атыраудан табылғанын хабарлады.