Мақаттық кәсіпкерлер өнімі 8 млрд. теңгеден асты

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин халыққа есеп беру кезінде мәлімдеді.

– Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 1 мың 932 адам. Шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі  8 млрд. 263 млн. теңге болып, былтырғы жылымен салыстырғанда 3,7 есеге өсіп отыр.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауданымызда 93 жоба мақұлданып несие берілді.  Атап айтқанда, 396 млн. 780 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 102 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді аудан әкімі.