Ескенеде газ өңдеу зауыты салынады

Атырау облысындағы Ескене кентінің маңында бой көтеретін газ өңдеу зауытының құрылысына 1 млрд. 250 млн. доллар инвестиция салынады. Бұл туралы тұрғындар алдында онлайн-режимде есеп берген Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин мәлімдеді.

– Ескене кентіне таяу жерде жылына 1 млрд. текше метр газды кешенді дайындау зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 1 млрд. 250 млн. доллар. Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізеді. Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылысты жүргізу кезінде 3 000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал зауыт пайдалануға берілген соң 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады, – деді Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин.