Жаңа агенттік құрылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. 

– Жалған кәсіпорындар мен қасақана салық төлемейтіндермен жұмысты жүйелі түрде күшейту керек. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеріп, қысқа мерзім ішінде президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру қажет, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұдан бөлек, президент үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.