Президент биыл 200 мектеп салуды тапсырды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.

Президент қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келе жатқанын атап өтті.
Осы орайда Үкіметке нақты қажеттіліктер мен заманауи стандарттарды ескере отырып, қаржыландыру нормативтерін жаңарту бойынша шара қабылдау тапсырылды.

– «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді. Қазірден бастап осы жұмысқа кірісу керек. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.