ҰБТ толықтай электронды форматқа ауысады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин ұлттық бірыңғай тесттілеу толық электрондық форматқа өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.

Биыл оқушылар ҰБТ-ны компьютермен арнайы тестілеу орталықтарында тапсырады.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов электронды форматқа өту туралы толығырақ айтып берді.

Оқушылар Face-ID (адамның бет әлпеті арқылы тану) арқылы тестке жіберіледі, яғни ешкім оқушы орнына тест тапсыра алмайды.

Компьютерге прокторинг жүйесі орнатылады. Прокторинг – веб-камера арқылы тест тапсырушының жүзін экранға келтіріп, түзу отыруын қадағалайтын бағдарлама.

Бақылау камерасы арқылы әр оқушы бақылауда болады.

Электронды ҰБТ-да тест аяқталғанша жауапты өзгертуге болады.

ҰБТ нәтижесін оқушылар бірден біледі. Бұрынғыдай кешке дейін күтудің қажеті жоқ.