Жаңа агенттік құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
– Жалған кәсіпорындар мен қасақана салық төлемейтіндермен жұмысты жүйелі түрде күшейту керек. Оң динамиканы сақтау үшін аталған бөлімшенің мәртебесін көтеріп, қысқа мерзім ішінде президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру қажет, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұдан бөлек, президент үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекет шекарасында заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.