Биыл 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынбақ

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген.

– Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген. Вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина ұйымдарына дейін арнайы стандарт жауапкершілік жүктелетін азаматтарды белгілейді, – деді деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады.

• Бірінші кезең – өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу;

• Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу;

• Үшінші кезең – денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу;

• Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр.

Алексей Цойдың айтуынша, халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.