Қазақтың «Тақиялы періштесі» бақилық болды

Қазаққа «Тайлақ» есімімен танылған «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері өмірден озды.

Қалың көпшілік тамдана тамашалаған «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды.

Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі.

1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған Шәкен Айманоатың «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түскен.