Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлады. Дауыс беру барысында депутаттар аталған кандидатураға қолдау білдірді.

Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс төрағасы лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады.