«Атырау» ШФК бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

«Атырау» шағын футбол клубы бразилиялық шабуылшы Кельсон Винисиуспен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Келсон Винисиус Франсиско Де Кампос — бразилиялық шабуылшы. 1993 жылы Бразилияда дүниеге келген. Қазіргі кезде Армения құрамасының азаматтық құқық берілген ойыншысы. Өз мансабында клубтық дәрежеде Бразилия, Армения, Испания, Португалия және Францияда ойнап үлгерген. Кельсонның соңғы клубы – франциялық «Béthune Futsal». Армения кубогының иегері және «Leo Futsal» командасының құрамында Армения лигасының чемпионы.