3 500-ден астам ауыл жаңғыртылмақ

Айналасындағы елдімекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа стандарттарға сәйкес 3 500-ден астам ауыл жаңғыртылады.

– Айналасындағы елдімекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді, – деді Тоқаев.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын ашты.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.