Кеше өңірде 125 адам КВИ-нан емделіп шықты

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 231 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 100  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 43 адам ем қабылдауда. Ал Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 806 адам оқшаулау бөлімінде жатыр.
Сондай-ақ, кеше өңірде 85 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Олардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 58 жұмысшы, Жылыой – 4,  Махамбет – 2, Құрманғазы мен Қызылқоға ауданынан 3 адамнан тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында  ауру симптомды түрде өтуде.
Атырау облысы індет жұқтырғандар санының көрсеткіші бойынша әлі де «сары аймақта».