Әлем - 15.01.2021

Ердоған вакцина салдырды

Кеше Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Ол салдырған CoronaVac вакцинасын Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алған. Елге вакцинаның 25–30 миллионға жуық дозасы жеткізілген.

– Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де вакцина салдырттым, – деді мемлекет басшысы.