Кеше облыста 75 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 75 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 46 жұмысшы, Жылыой -7, Индер -2, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелді.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.