Трампқа екінші рет импичмент жарияланды
АҚШ-тың Өкілдер палатасы сәрсенбіде президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға байланысты дауыс берді.
Импичмент бүлік шығаруға арандату бойынша жарияланды. Резолюцияда Трамптың әрекеті конституция бойынша «ауыр қылмыс және іс-әрекетке» сай келеді, ол үшін президентке импичмент жариялануы мүмкін екені жазылған.
Трамп АҚШ тарихында екі рет импичмент шығарылған жалғыз президент болып отыр.
Конгрестен дауыс беру түсіріліміне сәйкес, импичмент туралы талапты 222 демократ қолдады. Республикалықтардың 197-сі қарсы болды, бірақ 10 мүшесі саяси оппоненттердің қазіргі президентті отставкаға жіберу туралы талабын қолдады.