Облыс әкімі энергия жүйесіне қатысты жиын өткізді

Кеше өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыстың энергия жүйесінде олқылықтарды болдырмауға қатысты арнайы жиын өткізді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Әкім «KEGOC» АҚ компаниясының ахаулдық орталығына барып, жасалып жатқан жұмыстарды көріп шықты. Содан соң өз тапсырмасымен құрылған жұмыс тобының есебін тыңдады.
Жұмыс тобы құрамына әкімдіктің өкілдері, энергетикалық бақылау мен энергетикалық компаниялардың өкілдері кірген еді.

10 қаңтар күні шұғыл түрде қолға алынған жұмыстардың арқасында облыс тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілген.

Батыс филиалының энергожүйесінде болған  технологиялық ақаулар бұрынғы қабылданған инвестициялық жобаларды жедел түрде жүзеге асыруды қажет етеді.
Аймақ басшысы энергия жүйесінде кінарат болмауды қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетейк, 10 қаңтар күні кешке  «KEGOC» АҚ-ның  электр желісінің 220 кВ Л-254-Орал—Индер, Л-201-Атырау—Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шығып, салдарынан «АтырауЖарық» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған —  Атырау қаласының сол жақ бөлігі мен аудандардың  кей жерлері уақытша электр желісінен ажырап қалған еді.