Қазақстан тауарлары 117 елге экспортталды

Қазақстан 2020 жылы 43 млрд. доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

— 2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд. долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд. долларды көрсетті.
Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 мыңнан астам дайын, өңделген түрлері экспортталды, — деді ол.

Министрдің айтуынша, импорт 34,4 млрд. долларды көрсетіп, 9 млрд. доллар деңгейінде оң сауда теңгерімі қамтамасыз етілген.