Әлем - 12.01.2021

Бейжіңде миллионнан аса тұрғынға вакцина егілді

Бейжіңнің бір миллионнан астам тұрғынына COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасы егілген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бейжің билігі ел астанасы тұрғындарының бір бөлігіне коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын егуді алдағы жұмаға қарай аяқтайтыны

Коронавирус бойынша қауіпті топтарға кеден қызметкерлері, экспедиторлар мен жүк тасушылар, сондай-ақ, шетелдік және ішкі тасымал секторында қызмет етуде жұмылдырылған адамдар жатқызылды.

Бейжіңде коронавирусқа қарсы вакцина егу процесін Қытайда 12 ақпанда басталатын Жаңа жыл мерекесіне қарай аяқтау шамаланып отыр.

Еске сала кетсек, Қытай тұрғындарын СOVID-19 вирусына қарсы вакцинациялау өткен жылдың 15 желтоқсанында басталды.