Атыраулық спортшылар «спорт шеберлері» атанды

Көркем гимнастикадан Алпанова Люция және UWW грепплинг күресінен Жұмағалиев Нұрсұлтан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған басқарма басшысы Ринат Ибрагимов спортшыларды құттықтап, куәліктерін табыс етті.

Сонымен қатар, спортшылардың бапкерлері Егеубай Коклан мен Исағалиев Асқар басқарма басшысының алғыс хатына ие болды.

Айта кетсек, биыл эстетикалық гимнастикадан Атырау облысының «Визави» командасы онлайн түрде өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.