1000-ға жуық азамат жауапкершілікке тартылған

Атырау қаласында жыл басынан бері 1000-ға жуық отбасылық жанжал шығарушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оның 111-і денсаулыққа қасақана жеңіл зиян кетіргендер болса, 91-і – ұрып-соғу фактілері.
Айта кетсек, «Отбасылық жанжал» деп аталатын құқықбұзушылықтар 102 операторына жиі тіркеледі.
Бұл құқықбұзушылықтар көп жағдайда азаматтардың алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынуы салдарынан туындайды. Сондай-ақ, тұрмыстық салада заңсыз әрекеттерді жасауға бейім адамдардың көбі жұмыс істемейтін отбасылар мен ішкі істер органдарының есебінде тұрған тұлғалар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырған әйелдер полициядан әртүрлі құқықтық тұрғыда қажетті кеңестер алады. Әрбір кеңес алғандардың қазіргі тұрмыстық жағдайы мекен-жайлары бойынша үнемі тексеріліп, олармен кездесу жұмыстары ұйымдастырылып тұрады.