Діни салада құқықбұзған 98 азамат анықталды

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған 98 азаматқа 3 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыстық дін істері басқармасымен бірге әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде діни саладағы әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 98 деректі анықтаған.

– Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, таратудың заңсыз фактісіне байланысты – 56, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған 42 құқықбұзушылық тіркелді. Анықталған құқықбұзушылықтарды жасаған тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 98 азаматқа 3 263 983 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.