Атырауда қыркүйектен бастап 33 оқушы Covid-19 жұқтырды

Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, биылғы оқу жылының басынан бері мектеп жасындағы 33 бала коронавирус инфекциясымен ауырған.
Олардың ішінде тек 4 оқушы мектептердегі кезекші сыныпқа барған. Ал 29 бала онлайн оқыпты. Тексеру кезінде 33 оқушының барлығы өз отбасында ауырғаны анықталды. Қазір олар жазылып, медициналық есептен шығарылған.