Техникалық паспортты онлайн режимде алуға болады

Енді азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн режимінде ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдап тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет.
Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.
Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетін электронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.