Сағызда жаңа амбулатория ашылды
Сағыз ауылында Тәуелсіздік күні қарсаңында 50 науқасқа арналған жанұялық амбулатория ғимараты ашылды.
Дәрігерлік амбулаторияның іші қазіргі заман талабына сай толықтай жаңа жабдықтармен қамтылған.
Жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қатысып, тұрғындарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жаңа дәрігерлік мекеме ұжымының еңбектеріне табыстар тіледі.