Кәмелетке толмаған жүргізуші ұсталды

Құлсарыда көлік жүргізген жасөспірім ұсталды.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Жылыой ауданы Полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Г. Аралбай
Құлсары қаласы көшесінен «Hyundai Solaris» автокөлігі жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпағандығын анықтады.
Бұзушылық бойынша хабар алған патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік басқарған кәмелетке толмаған 2003 жылғы жасөспірім екені анықталды.
Көлік жүргізу құқығы жоқ 17 жастағы баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтҚ-нің 612-бабының 2-бөлігі және 593-бабы 2-бөлігімен тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.