2 539 оқушы КВИ жұқтырды

Қазақстанда оқу жылы басталғалы 2 539 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.
– Оның 738-і кезекші сыныпта оқитын балалар болса, 1 811-і – қашықтан оқитындар. Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерінің жанында 1 556 мониторинг тобы жұмыс жүргізуде. Карантин шаралары әлсірегелі 53 489 рейд жасалып, 215 977 нысан тексерілді. 18 903 нысанның иелерінің карантиндік талаптарды бұзғаны анықталды, – деді ол.