7 медициналық нысанның құрылысы жалғасуда

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, нысандар жыл соңына дейін және 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында тапсырылады.

– Жоспарланған 14 нысанның жетеуінің құрылысы толықтай аяқталып пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, биыл облыстық құрылыс басқармасы бюджеттік және демеушілік қаражат есебінен әртүрлі бағытта 70-ке жуық нысанның құрылысын қарастырған, – дейді Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөриев.

Құрылыс нысандарында санитарлық талаптардың орындалуы қатаң бақылауда.