«Атырау» командасының ойыншылары ұлттық құрамаға шақырылды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 2 кезеңнен кейін жалпы есепте екінші орында келе жатқан «Атырау» футзал командасының үш бірдей ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды.

Шабуылшы Жомарт Тоқаев және қорғаушы Болат Сарбасовтан бөлек жерлесеміз, мақаттық Жақсылық Амандосов 9 желтоқсанда «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» Венгрия құрамасына қарсы ойын өткізеді.