Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа оқу жылына қабылдау басталды

2 желтоқсаннан бастап Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа 2021 – 2022 оқу жылына облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7 сыныпқа қабылдауға арналған құжаттарды қабылдау науқаны басталды.
Коронавирус инфекциясынан сақтану мақсатында биыл қабылдау коммиссиясының жұмысына өзгерістер енгізілген. Талапкерлердің ата-аналары тиісті құжаттарды жинаған соң алдымен мектептің www.atr.nis.edu.kz ресми сайтында қабылдау комиссиясына баратын күнді белгілеуі қажет. Бұл келушілердің уақытын үнемдеуге және топ болып жиналуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Конкурстық іріктеуге ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау комиссиясына жазылудың тәртібін Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайтынан көруге болады.
Қабылдау комиссиясына келгенде ата-аналар мен үміткерлерде бетперденің болуы және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау талап етіледі.