Адамдарға шабатын ит иелері жауапкершілікке тартылуда

Атырау облысында адамдарға шабатын ит иелерін жауапкершілікке тартуда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері өңірде ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабын, яғни үй жануарларын ұстау және серуендету ережесін бұзған 700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
15 – 22 қазан аралығында, яғни тек бір апта ішінде өңірде көшедегі бұралқы иттерден 9 жасөспірім дене жарақаттарын алған. Талдау көрсеткендей, олардың 5-еуі – көшедегі бұралқы иттерден, 3-еуі – көршісінің, біреуі – өз ауласындағы иттен. Ит қапқан 9 жасөспірімнің барлығы алғашқы медициналық көмекке жүгініп, жеңіл дәрежелі жарақат алғандары анықталды. Сондай-ақ, жарты ай бұрын Жұлдыз ықшамауданында 2 жасар баланы қабаған ит қауып, ол ауруханада бірнеше күн емделген еді.
Осы жағдайларды ескере отырып Атырау полициясы тұрғындарға үй жануарларын асырағанда, оларды серуендету мен ұстаудың барлық ережесін қатаң сақтай отырып, жауапкершілік танытуға шақырады.