Жылыойда жаңа ғимарат пайдалануға берілді

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жылыой аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жаңа ғимаратқа көшті.
Жаңа нысанның лентасын аудан басшысы Халел Жамалов пен ғимараттың құрылысын жүргізген «Экопласт» ЖШС-нің құрылыс бөлімі басшысы Аманбай Жұмалы қиды.
18 кабинеті бар заманауи екі қатарлы ғимаратта мұрағат істерін сақтауға арналған архив, бейне-конференция өткізуге арналған мәжіліс залы мен өзіне өзі қызмет көрсету аймағы бар. Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орта жасалынған.