Назарбаев туралы тағы бір фильм түсірілді

Елбасы туралы жаңа деректі фильмді әзірлеген – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені.
Елімізде алғаш рет 1991 жылы 1 желтоқсанда президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланған еді. Бұл дата бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті күні деп мемлекеттік мейрам ретінде жыл сайын аталып өтілуде.
Мереке қарсаңында түсірілген деректі фильмге 15 белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлері қатысқан. Олар сыртқы саясат, экономика, саяси және әлеуметтік жаңғыру, қазақстандық патриотизм тәрбиесі сынды көптеген мәселелер бойынша елдің дамуымен тығыз байланысты тарихи сәттерді әңгімелейді.