Бір аптада көлік апатынан 48 адам көз жұмды

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Кәміл Ғалиев мәлімдеді.
– Бір аптаның ішінде 196 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай 48 адам көз жұмды. 225 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Ауа райының бұзылуына байланысты Ішкі істер министрлігі елдімекеннен тыс жерге көлікпен шығу жоспарын кейінге қалдыруға шақырады. Жолдың жабылуын, ауа райының бұзылуын алдын ала қадағалап отырған абзал, – деді ол министрліктің баспасөз мәслихатында.