Қызылқоға ауданында 6 230 оқушы оқиды

Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Өтепберген Әділовтің мәліметінше, 2020 – 2021 оқу жылында Қызылқоға ауданындағы жалпы білім беретін 18 мектепте 1 – 11 сыныптар аралығында 369 сыныпта 6 230 оқушы білім алуда.
Биылғы оқу жылында өткен жылымен салыстырғанда оқушылар саны 57-ге кем.
Сондай-ақ, МАД сыныбы бойынша 36 топқа 601 бала қабылданған. Аудан бойынша 2 мектеп штаттық режимде жұмыс жасауда. Оларда 49 оқушы білім алып жатырса, қалған 16 мектепте 1 – 4 сыныптардан 132 кезекші сынып ашылып, 1 506 бала оқып жатыр. 4 675 оқушы онлайн білім алуда.
Ауданда 12 балабақша бар, онда 1 173 бүлдіршін тәрбиеленуде. 561 бала мектептер жанындағы шағын орталықтарға барып жүр. 1 – 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы 85 пайыз болса, 3 – 6 жас аралығындағы балаларды қамту 100 пайыз.
Сондай-ақ, ауданда 4 қосымша білім беру ұйымы мен 1 педогогикалық-психологиялық түзету кабинеті жұмыс істейді. 2020 – 2021 оқу жылының басында қосымша білім беру ұйымдарына 2 066 оқушы барса, балалар жасөспірімдер спорт мектебіне 1 660 жасөспірім тартылған. Педогогикалық-психологиялық түзету кабинеті осы жылы 37 баламен жұмыс істеді.
Денаулығында ахауы бар 11 оқушыға 2 мектепте арнаулы сынып оқыса, 31 бала үйден оқытылады. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны 62, қазір олармен инклюзивті білім беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.