Игерілмеген жерлер кері қайтарылуда

Атырау облысында берілген жер учаскелерін игермегені үшін 10 учаскесі кері қайтарылған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың айтуынша, мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің жалпы аумағы 2 мың гектардан асады.
Биыл мерзімінде игерілмегені үшін 10 учаске кері қайтарылған. 51 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 8 833 642 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 51 ұйғарым берілді.
Бүгінде бюджетке 6 700 142 теңге ерікті түрде төленген.