Әскери қызметкерлер игі істен тыс қалмайды
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Атырау гарнизонының әскери қызметшілері 3, 10, 21 және 42 шақырымдардағы «Atyrau Marathon» және «Run and be happy» қайырымдылық жарыстарына қатысты. Бұл туралы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы «Atyrau Marathon» қайырымдылық жүгірісі Атырау облысындағы ең ірі спорттық іс-шараға айналуы керек еді, алайда карантиндік шектеулерге байланысты шара онлайн режимінде өтті.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы дене шынықтыру қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков бастаған бір топ ынталы жүгірушілер бір айдың ішінде барлық төрт қашықтықты жүріп өтіп, 10 шақырымдық стартпен жаппай жүгірудің күзгі маусымын жапты.
– Біздің жарыстарға барлық кезеңдерде 50-ге дейін әскери қызметшілер қатысып отырды. Біз ең қысқа 3 шақырым қашықтықтан бастадық, содан кейін «Atyrau Marathon» қайырымдылық жүгірісінің 10, 21 және 42 шақырымдық қашықтықтарын жүгірдік. Ал бүгін «Run and be happy» атты бөлек 10 шақырымдық стартқа қатыстық. Біздің арамызда жүлдегерлер мен алдыңғы жарыстардың жеңімпаздары атанған әскери қызметшілер көп. Бүгінгі жарыстың өзінде біздің әскери қызметшілер үздік үштіктің қатарынан көрінді, – дейді майор Медет Құлыбеков.
Жүгіріс мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру ғана емес, қайырымдылық жобасы аясында көмек көрсету. Сондықтан гарнизонның әскери қызметшілері игі және денсаулыққа пайдалы істерді біріктіре отыра, бірде бір бастаманы жіберіп алмауға тырысуда.