Қызылқоға ауданына 14 мұғалім жетіспейді

Бұл туралы аудандық білім бөлімі басшысы Өтепберген Әділов мәлімдеді.
– Ауданның білім беру ұйымдарында 1 021 педогог жұмыс жасайды, олардың 921-і – жоғары, жүзі – арнаулы орта білімді мамандар, – дейді ол.
Сондай-ақ жаңа оқу жылында ауданға 11 жас маман келіп, білім беру ұйымдарында еңбек жолын бастаған.
Биыл 79 мұғалім жаңартылған курстан өтсе, жетеуі республикалық тәжірибе алмасу семинарларына қатысып, тәжірибелерін толықтырды.
Аудан мектептеріне 3 матиматика, 4 орыс тілі, 2 физика, 1 химия және 1 технология мен 3 дефектолог, барлығы – 14 маман жетіспейді.