137 келіден астам бекіре балығы тәркіленді
«Браконьер» жедел шарасы барысында 41 дана бекіре балығы тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер Талқайраң ауылының Жайық өзені жағасында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 136,7 келі болатын 41 дана бекіре тұқымдас балық тәркіледі.
Күдікті – Исатай ауданының 27 жастағы тұрғыны. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 339-бабы «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу» бойынша жүргізілуде.