Әлеуметтік-еңбек саласының көрсеткіштері жарияланады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сайтында тестілік режимде еліміздің әлеуметтік-еңбек саласының негізгі көрсеткіштері берілетін iac.enbek.kz дашборды, яғни ақпараттық панель іске қосылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықтты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Дашборд халықты жұмыспен қамту, еңбек, көші-қон және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өзекті статистикалық деректерді көрсетеді. Олар Ұлттық статистика бюросының, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ, Электрондық еңбек биржасының деректері негізінде үнемі жаңартылып отырады.
Дашбордты іске қосудың негізгі мақсаты ашықтықты арттыру, еңбек нарығы мен әлеуметтік сала туралы бірегей ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету болып табылады.
Панельде статикалық көрсеткіштер ғана емес, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда олардың динамикасы да көрсетіледі. Сондай-ақ, пайдаланушыларға деректерді одан әрі пайдалану үшін соңғы 5 жылдағы динамикамен біріктіре жүктеу мүмкіндігі беріледі.