Атырау – газ тарифі ең арзан аймақ

Qazaqstan.tv-дің хабарлауынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті аймақтардағы газ тарифі бағаларын ұсынған.
Газдың текше метрі ең арзан аймақ Атырау облысы екен. Бұнда бір текше метр газ – 7,3 теңге. Ақтөбе облысындағы баға – 8,7 теңге, кейін ШҚО, бұнда газ бағасы текше метрі үшін – 10,0 теңге.
Газдың құны ең қымбат өңір Нұр-Сұлтан қаласы болып отыр. Елордада бір текше метр газдың соңғы бағасы – 30,9 теңге.
Тариф бағасы 80 пайыз Энергетика министрлігі бекітетін көтерме бағаға байланысты.