«Асыл арна» атауы мен концепциясын өзгертеді

Бұл туралы арна директоры Мұхамеджан Тазабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Асыл арна» жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, көрерменге «Тәлім тв» деген жаңа атпен жол тартпақшы.
– «Тәлім тв» әлеуметтік — отбасылық, ғылыми — танымдық, мәдени — ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Әрі көрермендерге әлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады. Халықтың рухани қызметіне жарап, ақындығымыз бен ұйымдастырушылық қабілетімізді ел игілігіне пайдалана алсақ, бұл да бір Алланың берген ұлы нығметі, – Мұхамеджан Тазабек.