Сайлауға байланысты қала әкімдігі жанынан СаІІ-орталық ашылды

Атырау қалалық әкімдігі 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы науқаны кезеңінде қала әкімі аппараты жанынан Call-орталықтың ұйымдастырылғанын хабарлайды.
Call-орталыққа 8 (7122) 20 53 75, 320233 нөмірлеріне қоңырау шалу немесе Atyrau_sailau@mail.ru электрондық поштасына хат жолдау арқылы хабарласып, келесідей қызметтер алуға болады:
1. ЖСН арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгендігі жөнінде мәлімет алу;
2. Дауыс беру учаскесінің мекенжайын анықтау;
3. Тіркелген жерінен тыс дауыс беру тәсілдері.
Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Үзіліс уақыты 13:00 –ден 14:30-ға дейін.
Сонымен қатар, ЖСН арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгендігі жөнінде мәліметті Atyrau.gov.kz сайтынан және «Telegram» әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot телеграм-бот қызметі арқылы алуға болады.