Діни бірлестік карантин талаптарын сақтамады
Тәртіп сақшылары Атырау ықшамауданында орналасқан жергілікті православтық діни бірлестікте карантин талаптарының сақталмауын анықтады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бірлестіктің екі қабатты ғимаратында 40-қа жуық адам жиналған. Олар өздерінің діни рәсімін өткізіп, соңында отырыс ұйымдастырған.
Анықталған заң бұзушылық бойынша жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, ҚР ӘҚБ Кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес оларға әкімшілік хаттама толтырылды.