Жаяу жүргендерге төлемақы береді

Өзбекстанда жаяу жүретіндерге 100 долларға дейін төлемақы беріледі және бұндай жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған. Бұл туралы kaz.tengritravel.kz парламенттік «Халық сөзі» газетіне сілтеме жасап хабарлады.
– 18 жастан асқан адамдар күндізгі уақытта он мың немесе одан да көп қадам жасаса, электрондық әмиянына үш мың сом салынады, – деп жазылған басылымда.
Ай сайын қала тұрғындары арасында ең көп жүретіндерге шамамен 30 доллар, ал облыс тұрғындарына 50 доллардан төленеді. Елдегі үздіктер, шамамен, 100 доллар алады.
Жаяу жүру нәтижелерін есептейтін арнайы сайт жасалады. Денсаулыққа зиян өнімдер өндірушілері үшін арнайы алым енгізіліп, тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін сыйақы осы қаражат есебінен төленеді. Мұндай тауарлардың тізімі әзірге жазылмаған.