Адам саудасымен күрес басқармасы құрылады

Ішкі істер министрлігінде адам саудасына қарсы күрес басқармасы құрылады. Sputnik Қазақстан-ның хабарлауынша, бұл жайында министрлік басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеу жетілдірілуде. Жыл басынан бері осы бойынша 107 факті анықталып, сотқа 58 қылмыстық іс жолданған. Мұндай қылмыстар көп жағдайда ұйымдасқан және трансұлттық сипатқа ие.
– Сондықтан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде адам саудасына қарсы күрес басқармасы болады, – деді ішкі істер министрі.