Көпбалалы аналар марапатталды

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №421 Жарлығымен Атырау қаласы бойынша 7 ана «Алтын алқа» және 45 ана «Күміс алқамен» марапатталды.
Аналарға мемлекеттік наградаларды қала әкімінің орынбасары Емберген Самат табыстаған.
Сондай-ақ, марапат Алмалы, Қайыршақты, Еркінқала, Ақсай, Кеңөзек ауылдық округтерінде тұратын аналарға да табысталды.