Қоқыс таситын көліктерге GPS-датчиктер орнатылады

Бұдан бұлай қоқыс таситын көліктерге GPS-датчиктер орнатылады. Qazaqstan.tv-дің хабарлауынша, бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
– Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, оны кәдеге жаратудың жүйесі туралы және қоқысты қайта өңдеп, қалдықтарды бөлек жинау туралы халыққа хабар беріп отырамыз. Бұл ретте, заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге міндетті түрде GPS-датчиктер орнату мәселесі көзделген, – деді министр.