Әлем - 28.10.2020

ДДСҰ COVID-19 жұқтырғандардың рекордтық өсімін тіркеді

Өткен аптада әлем бойынша коронавирусқа шалдығушылардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
19–25 қазан аралығында 2,8 млн. COVID-19 жұқтырғандар анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Бір апта ішінде коронавирустан 40 мыңға жуық адам көз жұмған.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, ауру, әсіресе, Еуропа өңірінде жылдам тарауда. COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдықты. Бұл алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп.
Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер:
Франция 217,7 мың адам;
Ұлыбритания 148,5 мың;
Ресей 114,5 мың;
Италия 101,9 мың;
Бельгия 90,8 мың;