«СК-Фармация» басшысының қанша жалақы алатыны белгілі болды

«СК-Фармация» компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев «Хабар 24» телеарнасына берген сұқбатында өзінің қанша жалақы алатынын айтты.
Сұқбат барысында белгілі болғандай, Ерхат Есқалиевтің айлық жалақысы – 1 миллион 300 мың теңге. Ал оның орынбасары 900 мың теңге алады.
Айта кетейік, телеарна тілшісімен өрбіткен әңгіме барысында Есқалиев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып, қоймаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жинақталғанын атап өтті.
Оның мәлімдеуінше, егер індет өрши түскен жағдайда әзірленген дәрі-дәрмек қоры 60 мыңға жуық науқасты емдеуге жеткілікті болады. Бүгінде препараттардың басым бөлігі қоймаларға жеткізілген.